Абылай ханның бас батыры – Шанышқылы!

3 Маусым 2015, 04:19

оңғар шапқыншылығы, одан кейінгі замандарда елін, жерін қорғаған Абылай ханның бас батырларының бірі Шанышқылы Бердіқожа батыр және оның серіктерінің жорық жолдары тақырыбында өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерекесіне орай Ақмола облысы  Еңбекшілдер ауданының Сәуле  ауылында мерекелік  іс шара өтті.  Бұл  шара Жоңғар шапқыншылығы, одан кейінгі замандарда елін, жерін  қорғаған Абылай ханның бас батырларының бірі Шанышқылы Бердіқожа батыр және оның серіктерінің жорық жолдары тақырыбында  өтті. Шараға Бердіқожа батырдың өмірін, жорық жолдарын зерттеп «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты  кітап жазған батырдың тікелей ұрпағы академик Б. Қасымбеков,  академик С. Негимов,  шанышқылға  жиені Көшетаулық Мұрат қажы Ыдырысұлы, Сәуле ауылында тұратын Шанышқылы ұрпақтары және ауыл тұрғындары қатысты. 

Құрметті меймандарды Мұрат қажы Ыдырысұлы ауыл сыртында қарсы алып,  ауыл жағдайын қысқаша таныстырған соң, бірден ауылдағы мешітке ат басын бұрды.. Қонақтар мешітке кіріп, марқұм болған Қазақтың ел басқарған  хандары билері, әулие әмбилері, батырлары, ел қорғауда шейіт кеткен боздақтарға арнап құран оқып дұға бағыштады. Одан соң, қонақтар естелік ретінде мешіт ауласында  өңін өзгертпейтін, мәңгі жасыл шырша ағаштарын отырғызды.  Мешіт сыртындағы «Гета – Абай» саябағын тамашалап, онда өсіп тұрған, әрт үрлі сорттың ағаштарымен,  өсімдіктерді  көріп,  кішкентай ауылдағы, игі іске риза болысты.  Мұрат қажы ауылға нәр беріп, мал жанды ауыз уымен қанымдап тұрған, айналасы ат шаптырым тоғанды және осы су қоймасын салған, Ермағанбет/ Ершік/ Тоқпаевтың бөгенді қалай тұрғызғаны жайлы әңгімеледі. Ауылдың шетіндегі жылғадағы кішкентай өзен суы, ауылдан  алысырақ «Құртты көл» атанған, тұзды сор батпақты көлге  құятындықтан,  су ащы болып кете берген.  Шағын өзеннің суы мал, жанның сусынына жетіспей,  құрғақшылық жылдары тартылып ауыл сусыз қалатын болған.  Осы тығырықтан шығу үшін, ауыл тұрғындары құрметтеп  Ершік атап кеткен Ермағанбет Тоқпаев  өгіз арбамен топырақ тасып,, құм үйіп, кетпен, соқамен жерін қазып, тегістеп өзен суын буып,   бөгенді салады.  Ермағанбет  тоғанның жағасына тоғанды қашан салғаны жайлы жазып, табиғи тастан, белгі қояды.   Төбешікті ауыл жұрты  «Тоқпаев төбешігі» деп атайды екен. Белгіде бөген 1926 жылы 30 маусымда салынған деп жазылыпты. Е. Тоқпаев С. Сейфуллин, Ә. Досов, Ш. Қосшығұловпен қатар жүрген, силас, дос жаран болыпты. Осы аталған  ел ардақтылары Сәуле ауылының топырағын басып, осы тоғанның суынан дәм татты деген сөз.  Сәуле ауылының сыртымен Абылайдың «Қара жолы» өтетінін естіп білдік.. Дәл қара жодың бойында, үлкен қорымда, әулие Салық молла мәңігі дамылдап жатыр.  Ауыл молласы  Салық молла және зираттағы марқұмдарға дұға бағыштады. Қонақтар  қара жолдың бойымен жүріп көріп, Ұлы Абылайханның атының ізі түскен,  қара жолымен міне бізде жүрдік, бұл қазақ мемлекеттілігінің тарихының бір куәсі деп, ой бөлісті. Б. Қасымбеков, С. Негимовтар Абылайдың қара жолы жайлы деректер келтірді. Мұрат қажы қара жол Қызылжармен Түркістан арасын жалғап тұрған жорық және керуен жолы, бертінге дейін ат арбаның сүрлеуі  білініп жататындығы жайлы сыр шертті.  Қара жолдың бойы қәзір машина жолы болып кеткені болмаса, бағдарына қарағанда, жолдың нобайы Қызылжарда бастау алған,  Солтүстік Қазақстан облысының жері, бұрын жәрменке болған Тайынша  бағытына дәлме, дәл келіп тұр. Меймандар ауылдағы тарихи орындармен танысып болған соң, Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдық іс шарасына көшіп, академиқ С, Негимов қазақ елінің, мемлекет құрылғанын тарихына қысқаша тоқталды. Келесі кезекте сөз алған Б. Қасымбеков Абылай ханның бас батырларының брі, сенімді серігі Шанышқылы Бердіқожа жайында әңгімелеп, тарихи деректерді алға тартты. Батырдың зиратын тауып, оған тынғылықты зертеу жасап, елге таныту үшін, Астанада ғылыми  конференция өткізіп, насихаттағанын көпшілікке жеткізді. Б. Қасымбеков  ауылда Шанышқылы руының азаматтары тұратынын Мұрат қажы Ыдырысұлының жинаған тың деректер негізінде, белгілі жазушы  Төлеген Қажыбаев   жазылған «Сәуле менің ауылым» кітабынан біліп, ағайын туыстарға сәлем беріп, танысқалы келгенін сөз арасында атап өтті.  Бұл кітапқа академик С. Неғимов алғы сөз жазады. Ол кісі кітапты оқып шығып, тарихи оқиғаларға қанығады. Сол тарихи деректердің бірі осы Шанышқылылар жайлы болса керек. Астанада Б. Қасымбеков өткізген конфренцияда С. Негимов Сәуле ауылында тұратын Шанышқылылар жайлы баяндайды. Мұрат қажы Ыдырыс ұлының анасы Әмина Әлке қызы Шанышқылы екен.   Яғни Мұрат қажы Шанышқылының жиені  деген, сөз.  Бұл жайлы сәл кейін, әңгімелейміз. Осылай, ағайын - туыс, нағашылы - жиендер танысып білісіп, тарихтан сыр шертісті. Сыр шертісіп, ас ішіп, аяқ босатқан жоқ, өркениеттің көзі, мәдениеттің негізінде, ауылдағы тарихи орындармен, елдің жердің, атағы шыққан белгілі тұлғалардың өмірі, ерлігі, елдігі жайлы, халыққа насихаттап, зиялылық пен тектіліктің мән мағнасын танытты.  Ауылдың тарихы жайлы Мұрат қажы таныстырса, ауылдық мектепті көп жыл басқарған Қабиден Омаров  шағын ауылдан біршама белгілі адамдардың өсіп шыққаны жайлы әңгімеледі. Сәуле мектебінің ірге тасы 1934 жылы қаланыпты. Қ. Омаров «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі», бірнеше мәрте облыстық, аудандық сайыстарға қатысып «Жыл директоры» атағын жеңіп алған белгілі ұстаз екен. Қабиден шанышқылы ұрпағы Ботай Нұржановты  кәсіпкер, іскерлігімен елге танылып, ауылға қамқор болып жүрген азамат деп таныстырды. Ботай өз ата баба тарихынан қысқаша әңгімеледі. Мұрат Қажы  Қабиден Омаровтың жұбайы Дәметкен Қазиқызының тегі қаңлы, Қабиден сіздерге алыс емес, жезде ,қазақи салтпен, сөз жарыстырып, әзілдесе берсеңіздер жарасады деп, қонақтардың көңілін көтеріп, жақын тартып отырды.  Дәметкен Қазиқызы ауыл  мектебінде   49 жыл үзбей химия- биология пәнінен сабақ берген, тәжірибелі ұстаз, қәзір зейнеткер екен. Қәзірде мектепте сабақ береді екен.   Дәметкен сабақ беріп, тәрбиелеген балалардан республика,  аудан олимпиадаларында жүлде алып, жеңімпаз атанған  түлектер көп шығыпты. Ол «Қазақ ССР - нің халық ағарту ісінің үздігі». Дәметкен ұстаз қазақтың салт дәстүрін насихаттап, «Имандылық әлпесі», «Қазақтың салт дәстүрі», «Экология апталығы» сияқты сынып сағаттарын тұрақты өткізіп, өзінің білім біліктілігіне әрдайым жетілдіріп отырған, ауылға, елге сыйлы ұстаз, деп ауыл мақтан тұтатыны жайлы жақсы лебіз естідік. ...

Шанышқылы Тілеумет ұрпақтары жайлы қысқаша...

Ұлы жүздің он ру өз ара туыс болып келсе , соның бірі Қаңлы мен Шанышқылы. Тарихта Қаңлы мен Шанышқылы қосарлана айтылып, жазылып жүргенін көптеп кездестіреміз. Осы екі ру көнеден бері қойы қоралас, елі аралас Қаңлы өзенін мекендеген жұрт болса керек. Осы Шанышқылы руының Тілеумет деген жас жігіті жаугершілік заманда, белгісіз себептермен Арғынның атақтыларының бірі Қарауыл – Қантай ауылына тап болады.   Сол Тілеумет  күн көріс қамы мен Қантайдың жылқысын бағады. Жаугершілікпен қатар, қыстың қысымшылығынан аман шығу үшін,  Қантай- Бірлестік тен,  жері жайлы  / Қәзіргі Астана маңындағы/ Бозайғыр жотасына жылқыны отарға айдайды.  Тілеуметте осал жан болмаса керек.  Баққан табыннан бір тайда шашау шығармай ,  жаз шыға Қызыл су дегенде отырған Қантайға жылқысын аман есен айдап келеді. Қыстағы жұт, жаудан ыққан ауылда мал қалмай, қымыздық сауып күн көріп отырған ауыл, жылқы ның игілігін көріп, бір серпіліп қалады.  Риза болған Қантай әлпештеген жалғыз қызын Тілеумітке қосады. Олардан Мәмбет,Үмбет, Есмәмбет, Асан деген 4 ұл туады. Ұлдар ер жетіп мал масы көбейеді. Алдай, Мамыр деген мекеннен қоныстарын сайлайды. Бірақ мал басы көбейіп, қоныстарын кеңейткен Тілеумет ұрпақтарын қасындағы Арғын Жауар балалары көре алмастық жасап, қоныстарына таласады. Осыған шыдамаған Есмәмбет пен  Асан нағашысы Қантай еліне көшіп кетеді. Мәмбет пен Үмбет бұрынғы қонысында қалады. Сөз басында Мұрат қажы Ыдырысұлының анасы Әмина Шанышқылы деп, айтқанбыз Әмина Әлке қызы Тлеуметтің Үмбетінен, бері жақындатсақ Жұбаныш қажының ұрпағы. 

Осылай Шанышқылы Бердіқожа батырдың ұрпағы Б. Қасымбекеов С. Негимов арқылы Сәуле ауылындағы туыстарын, жиені Мұрат қажыны тауып, танысып, біліп, тарихты нақтылап, деректі дәлелдеп, ел жердің сырына қанық болды.  Әңгіме дүкен, тарихи дерек, насихат біткен соң мерекелік шара ұйымдастырылып, өз өнерін ауылға танытуға қонақтармен бірге келген Балуан Шолақтың ғашығы Ғалияның немересі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Оспанов ән салды. Жұрт Серіктің  даусына сүйсініп, жездең Балуан Шолақтың әніне бас дегенде, әншіміз шамданып қалама деп, шошып қалып едік,. Бірақ,  жайдары кең пейіл екен. Балуан Шолақ жезде емес ата болар деп, қояды.     «Сұрша қыз» - дан бастап, Балуан Шолақтың бірнеше әнін айтып, елдің көңілін бір жадыратты. Дене бітімі кесек, ұзын бойлы дауысы қоңыр, зор екен. Ауылдың алты ауызын Көшетауға танымал жас әнші «Оқжетпес» дуэтіні әншісі Қазбек Қалиев Ақанның, Біржан салдың, Үкілі Ыбырайдың әндерін  әуелетіп берді.  Қонақтарға, яғни әдейі алыстан ат арытып іздеп келген нағашыларына Мұрат қажы бастарына мұрақ кигізіп, үстеріне шапан жауып, сый сияпат көрсетті.  Б. Қасымбеков лауазымды қызмет иесі бола тұра, қарапайым сыпайы жан екен. Әкесі ұстаз, мектеп директоры болған. Ғылымда «Қасымбеков» заңын өмірге келтірген, ғалым,  Ресей федерациясы ғылымына  еңбегі сіңген академик болып шықты.  Бердіқожа батырдың зиратын, онда жатқан батырдың мәйітін, ғылыми түрде өте тынғылықты зерттепті.. Әр ғалым, әр азамат, әр ұрпақ өз ата бабаларын, ел қорғаған батыр, би, хандарын осындай ғылыми түрде тыңғылықты зерттесе, біздің тарихымыз нақтыланып, елдігіміз еңселеніп, мемлекттігіміз нықта, берік болуына  зор  үлес қосқан болар еді. Ол ауылдың тұрмыс, тіршілігіне қанығып, ауыл жұртына кәсіпкерлікпен айналысам дегендеріне, көмек қолын созатынын жеткізді...

Астанадан ағайындары әдейі іздеп келген Мұрат қажы Ыдырысұлы осы кішкентай Сәуле ауылын қиын кездерде,, бөлінуден, тарап кетуден аман ұстап қалған азамат. Баласы Ораздың демеушілігімен ауылға имандылық үйі мешіт салдырды. Мұрат аға былтыр  ауылда жаңадан салынған  мектепке , осы ауылдың тумасы зұлмат жылдардың құрбаны болған, тарихи тұлға Шәрәпи Әлжановтың атын бергізуге ат салысып жүргенін, жеткізді.  Жоғарыдағы қонақтар тамашалаған «Гете –Абай» сая бағыда осы Мұрат ағаның бастама, қамқорлығымен тұрғызылған. Мұрат қажы Ыдырыс ұлының азаматтық тұлғасы кішкентай ғана Сәуле ауылынан бастап Ақмола облыс, Көкшетау өңіріне танымал.   Облыстың мәдениет саласын басқарды, қазақтың тілін, салт дәстүр, өнерін жандандырды. Көкшетаудағы Педогикалық  коллежін басқарды. Қазақтың өрім жастарына қазақи тәрбие беріп, ұлтық сананы қалыптастырды, қамқор болды. Ұлтына жанашыр,ислам дінінің өркендеуіне бір кісідей ат салысып жүрген Көкшеге силы ел ағасы. Осылай мемлекеттің бір бөлшегі кішкентай  Сәуле ауылында Қазақ хандығының 550 жылдық тарихының бір журнағы атап өтілді. Ауыл жұрты кішкентай ауылды елеп, ескеріп келген ел ардақтыларына риза болып, алғыстарын білдірді. Ауыл кішкентай.  Бірақ, қазақтың даласы дархан, пейілі кең, ниеті таза... Елді ардақтап, барды бағалау елдік іс...

 


Әзірлеген: Дахан Жәмші.

Бөлісу: