Abu Dhabi Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардан кімдер қатысады

8 Қазан, 03:12 698

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11-13 қазан күндеріне жоспарланған әлемдік додада 33 елден 236 спортшы бақ сынайды. Ал Қазақстан намысын 13 татами шебері қорғайды.

Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі мынадай:

Әйелдер:

Абиба Әбужақынова (-48 кг)

Эсмигүл Куюлова (-63 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Карина Такиева (+78 кг)

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)

Әділбек Берікұлы (-66 кг)

Дархан Қойбағар (-73 кг)

Ермек Амангелді (-73 кг)

Жалғас Қайролла (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Әділет Сапарғалиев (-100 кг)

Мәди Еділбаев (+100 кг).

Перизат Саденова
Бөлісу: