Әблязов 30 күн ішінде Франциядан кетуі керек

5 Шілде 2023, 09:38 1450

Франция соты Мұхтар Әблязовке 30 күн ішінде елден кету туралы үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Менен Франциядан 30 күн ішінде кетуімді талап етті, менде не паспорт, не өзге елге кіретін виза жоқ, - деді Әблязов.

Халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әблязов Франция сотының үкіміне сәйкес, ол 30 күн ішінде өзін қабылдауға дайын елге кетуі тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар ол француз сотының үкіміне шағым түсіретінін де алға тартты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: