4 Қыркүйек 2014, 06:12
Мүсiрепов Ғабит Махмұтұлы – қазiргi қазақ әдебиетiнiң аса көрнектi өкiлдерiнiң бiрi. Оның қазақ жазба әдебиетiне қосқан үлесi мол. Қазақ әдебиетiндегi әңгiме, очерк, публицистика, повесть, роман, драма жанрларының қалыптасып, дамуында Ғ. Мүсiреповтiң өзiндiк орны бар. Сондайақ әдеби сын мен әдебиеттану саласында да оның еңбегi елеулi. Жер жүзi әдебиетi мен орыс әдебиетiнiң классиктерiнен қазақ тiлiне шебер аудара отырып, ол туған әдебиетiнiң алтын қазынасын байыта түскен iрi аудармашы да. Идеялық мазмұны терең, көркемдiк қасиетi көзтартарлық талайталай асыл бұйымдардың авторы Ғ. Мүсiрепов — қазақ әдебиетiндегi майталман жүйрiк сөз зергерлерiнiң бiрi. Оның көркемдiк шеберлiгi кейiнгi буын қаламгерлердiң үйренiп, тағылым аларлық әдеби мектебiне айналды. Қазақ әдебиетiнiң дамуына келелi үлес қосқан ол – тек қазақ елiне ғана емес, бүкiл халыққа да кең танылған iрi суреткер. Оның көрнектi еңбектерi орыс және басқа да халықтар тiлдерiне аударылуымен қатар, шетел тiлдерiне де аударылып, кеңiнен таралғаны мәлiм. Қазiр Ғабит Махмұтұлы Мүсiреповтiң есiмi бүкiл дүние жүзiне мәшһүр.
Ол 1902 жылы 22 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы қазiргi Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында кедей шаруа отбасында туған. 19081910 жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат таниды. 19161918 жылдары Қостанай уезiнiң Обаған болысындағы екi класты орыс мектебiнде оқыды. 19181921 жылдары Пресногорьковтағы жоғарғы бақыш училищеде оқып бiтiрген. 19231926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетiн (рабфакты) оқып тамамдайды. 19261927 жылдары Омбы қаласындағы Ауылшаруашылық академиясында оқиды. 19271928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып iстеген.
1928 жылдан бастап Ғ. Мүсiрепов Қазақстанның партия, Кеңес баспа орындарындағы әр түрлi жауапты қызметтерде болды. 19281932 жылдары Қазақстан мемлекеттiк баспасының бас редакторы мiндетiн атқарды. 1933 жылы Қазақ АКСР Оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушiсi, 19341935 жылдары алдымен «Қазақ әдебиетi», кейiн «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң бас редакторы, 1936 жылы БК(б)П Қазақстан Өлкелiк Комитетiнiң баспасөз бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы саясиағарту бөлiмiнiң меңгерушiсi болып жұмыс жасады.
Ғабит Махмұтұлы Мүсiрепов 1938 жылдан 1955 жылға дейiн бiрыңғай жазушылық еңбекпен шұғылданды.
19561957 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң органы «АраШмель» атты қазақорыс тiлiнде шығатын сатиралық журналдың бас редакторы болып iстедi.
19561961, 19641966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы мiндетiн атқарды.
1959 жылдан 1985 жылға дейiн КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. 1972 жылы 18 қаңтардағы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының III пленумында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып сайланды.
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесiнiң жанындағы әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Лениндiк және Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитеттің мүшесi. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигi.
Ғ. Мүсiрепов – көрнектi қоғам, мемлекет қайраткерi. Қазақстан Коммунистiк партиясының І (1937), Х (1960), ХI (1961) съездерiнде КП Орталық Комитетiнiң мүшесi болып, 1963, 1967, 1971, 1975, 1980, 1985 жылдардағы сайлауларда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болып сайланды.
Ғабит Махмұтұлы Мүсiрепов – бүкiл халықтар жетiстiктерiн жер жүзiне насихаттап, танытуға белсендi еңбек сiңiрген даңқты жазушы. Ол Азия және Африка жазушыларымен байланыс жөнiндегi Кеңестiк Комитет төрағасының орынбасары, Еуропа мәдениетi қоғамының мүшесi ретiнде шетелдiң прогрессивтi, демократ жазушыларымен мәдени, достық қарымқатынасты күшейтiп, нығайтуға да үлкен үлес қосты. Кеңес әдебиетiн өркендетудегi аса елеулi еңбегi үшiн Ғ. Мүсiрепов Ленин (үш рет), Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту (екi рет) ордендерiмен, КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң грамоталарымен марапатталды. 1970 жылы ол «Кездеспей кеткен бiр бейне» кiтабы үшiн Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты болды. Оған 1974 жылы Социалистiк Еңбек Ерi, 1984 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы атағы берiлдi. 1977 жылы «Суреткер парызы» кiтабы үшiн Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берiледi.