Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды

25 Маусым 2022, 10:36 1758

Халықаралық турнирде ел құрамасынан ерлерден 13, әйелдерден 7 спортшы бақ сынайды

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан дзюдодан «Grand Slam» турнирінде ел құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирде 48 келі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясы атынан сынға түскен Сабина Гильниязованы жеңіп, жарыстың қола жүлдесін алды.

Айта кетейік, аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясы күнтізбесіндегі 2024 жылғы Париж Олимпиадасына арналған алғашқы рейтингілік жарыс саналады. Онда спортшылар дүбірлі додаға ұпай жинайды.

Олардың қатарында ерлерден Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шәймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (100 келіг дейін), Ислам Бозбаев (100 келіге дейін), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) татамиге шығады. Ал әйелдерде Абиба Әбужақыновадан өзге Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары), Камила Берликаш (78 келіден жоғары) жарысқа түседі.

Бөлісу: