Әбиба Абужақынова Үлкен дулыға бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды

2 Наурыз, 03:35 1240

Әбиба Абужақынова алғаш рет Үлкен дулыға бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдодан Ұлттық құрама көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған Үлкен дулыға бәсекесінде 2-орынға тұрақтады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, спортшы финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп қалды. Бұл екі палуан арасындағы екінші белдесу. Қазір есеп 1-1. Осы салмақтағы қола жүлде Тара Бабулфат пен Тугче Бедерге (Түркия) бұйырды.

Күндізгі сессияда Әбиба Абужақынова жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция), ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтты. Ал іріктеуде Тамар Малка (Израиль) мен Гүзел Янамованың (Түркменстан) осал тұсын тапқан.

Бұл қазақ дзюдошысының Үлкен дулыға санатындағы турнирдегі алғашқы күміс медалі. Әбиба осыған дейін Баку (2024 жыл), Тбилиси (2023 жыл), Париж (2023 жыл), Абу-Даби (2022 жыл) мен Ұлан-Батыр (2022 жыл) қаласындағы Grand Slam-да қола жүлдеге ие болған. Сондай-ақ ол осыдан 2 жыл бұрын Ташкент татамилерінде әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін мойнына таққан.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: