Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Алмадада (Португалия) өткен Гран-приде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
48 келі салмақта финалда Абиба тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны жеңді. Мұндай деңгейдегі жарыстардағы қазақстандық қыздар арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті.