Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол 48 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатыр. Отандасымыз жартылай финалда оңтүстік кореялық балуаннан басым түсіп, финалға шықты.
Енді алтын жүлде үшін үш дүркін әлем чемпионы, жапон қызы Натцуми Цунодамен кездеседі. Былтыр Ташкентте Абиба дәл осы балуанға есе жіберген.
Ал ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60келі) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимден ұтылды. Енді қола жүлдеге таласады.
Ал 52 келідегі Ғалия Тыныбаева ширек финалда моңғолиялық қарсыласына есе жіберді. Деген жұбаныш белдесуде тәжікстандық Ахлия Муминованы ұтты. Енді қола жүлде үшін күресетін болады.