Бүгін Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталатыны белгілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл аламанға құрама көшбасшыларының бірі Абиба Әбужақынова қатыспайтын болды. Бұл туралы федерация ресми мәлімдеме жасады.
Команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша Абиба Абужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатыспайды. Әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айықпады және жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қаупі болғандықтан, әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды, - делінген ресми хабарламада.
Дзюдодан Астанадағы әлемдік Grand Slam турнирі 16-18 маусым аралығында өтеді.
Еске сала кетейік Абиба Әбужақынова – қазақ қыздары арасында тұңғыш рет әлем чемпионатында жүлде алғаш спортшы. Ол дзюдодан 2022 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен қатар Абиба Grand Slam турнирінде бірнеше рет жүлдегер атанып, Gran Prix додасында жеңіске жеткен.