Абиба Әбужақынова Антальяда қола жүлдегер атанды

29 Наурыз, 19:36 706

Дзюдодан 48 келіде күресетін Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова Антальяда басталған Гранд Слэм турнирінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А.Әбужақынова бүгінгі сында жартылай финалға дейін жетіп,  жапон дзюдошысы Цунода Натсумиден ұтылды. Осылайша ол қола медаль үшін ресейлік дзюдошысы Сабина Гилязовмен күресіп, қосымша уақытта басым түсті. 

Бүгін Қазақстан дзюдошысы іріктеу кезеңдерінде Португалия, Ресей, АҚШ дюдошыларын қапы қалдырды. 48 келіде әлем бойынша 4-ші орын тұрған жерлесіміз 500 ұпай иеленіп отыр. Сондай-ақ, ол жыл басынан бері өзі қатысқан 4-ші жарыстың барлығында жүлдегер атанған жайы бар. 

Абиба Әбужақыновадан өзге күрескен Қазақстан дзюдошылары есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Перизат Саденова
Бөлісу: