Абиба Әбужақынова әлем чемпионатында медальсіз қалды

8 Мамыр 2023, 01:18 1137

Танымал қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта Әбужақынова италиялық Ассунта Скуттодан ұтылды.

Нәтижесінде әйелдер құрамасының көшбасшысы бесінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, былтыр Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында Әбужақынова қола медаль жеңіп алған.

Перизат Саденова
Бөлісу: