Эстарада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгеге шапан сатып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Нұрлан Қоянбаев жүргізетін "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген. Эфирде қымбат шапанын көрсетті.
Бұл дизайнер ағамыз тіккен шапан. Дизайнердің киімдерін подиумға шығарып жатқанын әлеуметтік желі арқылы көріп қалдым. Сөйтіп, «Сатылады ма?» деп сұрасам, сатылады деп айтты. Менің алдымда Димаш Құдайбергеннің әкімшісі осы шапан аламын деп ескерткен көрінеді. Димаш қызыққанын естіп, тіпті есім кетті. Бағасы қанша десем, 500 мың деді. Жарты ақшасын салып жібердім де, «Димашқа табылатын шығар. Ол кісіге көп қой, көңілім ауды алайыншы» деп, сатып алдым», - деді Әбдіжаппар Әлқожа
Айта кетейік, жақында әнші 31 жасқа толған туған күнін атап өткен. . Туған күн кешінде тілек айтқан өмірдегі және өнердегі әпкесі Роза Әлқожа келінін жылатып алғанын жазғанбыз.