Абайдағы шахта апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

20 Қыркүйек, 01:05 1689

Абай облысы Орлов шахтасында болған апаттан кейін полиция іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ПД абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. 

Еске салсақ, Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын - ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған.

Перизат Саденова
Бөлісу: