Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына цифрлық код берілді

27 Маусым 2022, 11:37 3139

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды

Қазақстанда көлік құралының тіркелген аймағын анықтау үшін сәйкес цифрлық белгі қолданылады, – деп хабарлайды El.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек облыстардың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне цифрлық белгіленуі облыстың мемлекеттік тілдегі атауына байланысты әліпби ретімен берілетіндігін айтты.

– Елімізде Абай және Ұлытай, Жетісу облыстары құрылған еді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жаңадан құрылған үш өңірге, яғни  Абай өңіріне -18, Жетісуға -19 және Ұлытауға 20 деген облыс кодтарының цифрлық белгісін беруді ұсынып отыр. Аймақтардың мемлекеттік нөмірлік белгілеріне жаңа цифрлық белгілерінің енгізілуімен жаңа өңірлердің тұрғындарына автокөліктердегі бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткен жөн, – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Бөлісу: