Абай Жүсіпов өңір тұрғындарымен кездесу өткізді

11 Желтоқсан 2022, 13:40 2224

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов Темір ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, шағымдар мен ұсыныстар білдіруге мумкіндік алды.

Абай Жүсіпов оларды жедел жағдай туралы хабардар етіп, ауданда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар Департамент бастығы азаматтарды жеке қабылдады.

Кейін Темір ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жедел кеңес өткізді.

EL.KZ
Бөлісу: