Абай және Шәкерім шығармашылығына арналды

16 Мамыр 2018, 01:36 2646

16 мамыр күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Достық үйінің концерт залында «Әлем таныған Абай» атты және Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына арналған «Ұрпағыма қалдырарым – Ұлы жыр» атты поэзия айлығының жабылу салтанаты өтті.

Танымдық тағылымы мол іс-шараны өткізудегі мақсат – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев пен адамзаттық дүниетанымдағы поэзияның ролін ерек бағалаған Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау және қазақтың қарапайым қара сөзі мен поэзиясының қос алыбының халықтар достығын нығайтуға, ел бірлігін сақтауға қатысты келешек ұрпағына мұра етіп қалдырған рухани қазыналарын кейінгі толқынға жеткізу болып табылады. 

Салтанатты шарада сөз алған Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Шахмарал Кабулова: «Абай мен Шәкәрімді тану – олардың рухани әлеміне үңіле отырып, ұлтымыздың жан-дүниесін танып-білуге деген ұмтылысқа құлаш серметер бастама», - екендігіне тоқтала келе, айтулы жыр додасына белсене атсалысқан қатысушыларға алғысын білдіріп, жүзден жүйрік шыққан «Жыр мүшәйрасы» мен «Шығармалар» байқауында жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарын «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Поэзия айлығының жабылу салтанатында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен ел бірлігін ту етіп келе жатқан  қызметіне жіті мән беріп, мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілінің бүгіні мен болашағы үшін сергектік танытып жүрген өрелі ойлы жастармен қатар өзге ұлт өкілдерінің ұлағатты ұландары да Абай мен Шәкәрім өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде нақышына келтіре оқыды.  

Бөлісу: