Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақорданың кулуарында «Абай-Верн» бағдарламасын кеңейтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Франция тарапынан біздің магистранттар мен докторанттарымызға «Абай-Верн» арнайы оқу бағдарламасы арқылы жыл сайын 30 грант беріледі. Сол бағдарламаны біз кеңейтеміз. Грант санын 45-ке дейін ұлғайтамыз, - деп атап өтті министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының аясында да еліміздің зерттеушілерін Францияның жоғары оқу орындарына жіберуге мүмкіндік артады.
Қосымша Францияның 13 жетекші университеті қосылады. Тағы да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «500 ғалым» жобасы аясында «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы кеңейтіледі. Жетекші 6 Францияның ғылыми зерттеу орталығы мен зертханалар қосылады. Қазіргі таңда біздің 8 адам тағылымдамадан өтуде, - деді ол.