Абай қаласында 80 отбасы мереке күні баспаналы болды

7 Шілде 2023, 15:16 1181

Қарағанды облысындағы Абай қаласының кезекте тұрған 80 отбасы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Елорданың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысының Абай қаласында 80 отбасы баспаналы болды. Бес қабатты үй "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы бойынша салынған. Ондағы барлық пәтерлер мемлекеттен тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар.

"Халықтың әлеуметтік осал топтары" санатынан 9 көпбалалы отбасы, 16 балалар үйінің түлектері және 55 отбасы жаңа қоныстанушылар атанды. Бұл баспана жалдау құқығымен берілген көрінеді. Әр пәтерде электр плиталары мен су жылытқыштар орнатылды. Сондай-ақ, бірінші қабаттардағы пәтерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тұруына бейімделгені айтылды.  

 Пәтер кілттерін Қарағанды облысының әкімі арнайы табыстады. 

Бүгінде көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және жетім балалар пәтер кілтін алып жатыр. Біз тұрғындардың осы санаттарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге тырысамыз. Қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, шаңырақтарыңыз балалардың күлкісіне толы болсын, бақыт пен қуанышқа бөленіңіздер! – деп өңір басшысы. 

Бірінші топтағы мүгедек Төлеутай Бөстекбаев пәтерді 11 жыл күткенін алға тартты. 

Міне, мерейтой қарсаңында мен пәтерге кірдім. Мемлекетке өте ризамын. Жаңа пәтерде мен әйеліммен және қызыммен тұрамын, - Т.Бөстекбаев. 

Бұдан бөлек, Манарбек Балта "жетім балалар" санаты бойынша кезекте тұрып, пәтер алғанын жеткізді. 

Жаңа пәтерді 16 жыл күттім. Үш балам бар. Тау-кен шебері болып жұмыс істеймін, - дейді Манарбек Балта.

2021 жылы Абайда осындай 80 пәтерлі үй пайдалануға берілсе, тағы бір жаңа үй салынып жатыр. Бұл нысан болашақта тұрғындарға несиемен берілмек. 

Сонымен қатар, жыл сайын кезекте тұрғандар үшін қайталама тұрғын үй сатып алынатыны айтылды. Биыл сегіз пәтер сатып алынған. Ал жыл соңына дейін тағы 12 пәтерді сатып алу және беру жоспарланып отыр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: