Абай облысының оқушысы шешендік өнер үйірмесін ашты

12 Наурыз, 19:42 548

Абай облысы Аягөз ауданындағы №10 қазақ-мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Әли Мұхтарұлы - Ү респбуликалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ол өзі оқитын мектепте «Аягөз-Ділмар» шешендік өнер үйірмесін ашып, үйірмеге жетекшілік жасап, ұйымдастыру жұмысына кірісіп кетті. Қазір өз қатарластарына көркем сөйлеуді үйретіп жүрген жайы бар. 
 
Әли Мұхтарұлы аптасына 2 мәрте сабақ береді. Үйірмеге аудандағы 45 баланың ішінен іріктелген 12 оқушы қатысады. Олар сабақтан тыс уақытта кітап оқып, әр түрлі шығармаларды талдайды. Үйірме мүшелері 7 наурыз күні шешен Бегеш Сабанұлының 190 жылдығына орай өткен облыстық шешендік сайысын өткізді. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары жұмыста алға жылжуға көмектесіп, өзіне деген сенімділікті және нақты ойлау қабілетін дамытады.

Зарина Арман
Бөлісу: