Абай облысының бюджеті екі жыл ішінде 2 есе ұлғайды

28 Қазан, 05:38 361

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына екі жыл өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Үкіметпен бекітілген тұжырымдама бүгінде өзінің өміршеңдігін көрсетті. Жаңа облыс құрылғалы жылдық бюджет екі есе өсті. Жылу жүйелері мен жолдарға қатысты қордаланған мәселелер шешімін тапты.

Дербес бюджетке ие болған облыс әуелі жылу жүйелерін ретке келтіруді қолға алды. Тозығы жеткен қазандықтар ауыстырылып, жылу желілері 40% жаңарды. Қоғамдық көліктің жұмысы жанданып, жолдар жөнделді.

Келесі жылға жоспар 500 пәтер беретін жоспарымыз бар. Бірақ ол да қаражатқа байланысты. Қаражат бөлінсе, 500 пәтер деп жоспарлап отырмыз. Жылдарды салыстырсақ та, 2022 жылы 128 пәтер бөлінді. Ал 2024 жылы төрт жүздей беріліп жатыр. Бұл екі есе көп, - дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.

Мемлекет қолдауы өңірдегі өндіріс саласын ілгерілетті. Екі жылда машина жасау зауытының өндірістік қуаты 30%-ке ұлғайды. Кәсіпорын жылына бір жарым мың трактор жасап, 4 мыңнан аса ГАЗ маркалы жүк көлігін шығарады

Семей машина жасау зауытының өндірістік директорының Дәурен Қолымбаевтың айтуынша, өндіріс саласы жыл сайын дамып келеді. Индустрия министрлігі мен жергілікті билік қолдау көрсетіп отыр. Келер жылға арналған ауқымды жобаларымыз бар. Жалпы бізде 700-ден аса адам еңбек етеді. Орташа жалақы шамамен 300 мың теңге.

Облыс өзінің кірісін ұлғайтып, екі жылда салыстырғанда 1,7 есеге көбейген. Екінші мәселе осы экономикалық дамудың арқасында адамдардың тұрмысын жақсартуға әсер ететін салалардың қаржыландыруы да көбейген, - дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сарсебаев.

Облыстағы айтулы оқиғалардың бірі Мақаншы және Жаңа Семей аудандарының құрылуы болды. Халық осы жаңалықты 30 жыл бойы күтті. «Бұл шешім тұрғындардың өмір сүру сапасына ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді», - деген сенімде облыс әкімдігіндегілер.

Перизат Саденова
Бөлісу: