Абай облысының Бесқарағай ауданында орман жамылғысы өртенді

1 Шілде 2023, 17:33 962

2023 жылғы 1 шілде күні сағат 09:48-де Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» МОТР аумағында түтін шығып жатқан дер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнына жедел түрде Байдәулет орманшылығының қызметкерлері барды.

Оқиға орнына келгеннен кейін орманшылар орман жамылғысы аймағында бұрын болған өрттің қайта тұтанғанын анықтады.

Өрт қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді. Жалпы жану аумағы 1,2 гектарды құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан барлығы 24 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Байдәулет орманшылығының ақпараты бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартуы қажет болмады.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: