Абай облысындағы жолдардың шұғыл жөнделуіне қатысты әкімдік пікір білдірді

11 Маусым 2023, 15:24 749

Абай облысының әкімдігі Президенттің өңірге сапары аясында сапасы нашар жолдардың жөнделуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін БАҚ-та жолдардың шұғыл жөнделіп, асфальт жамалып жатқаны жайлы хабар айтыла бастаған болатын. Аталған жағдайдан кейін өңір әкімдігі мәселенің мәнін түсіндірді. 

«Бородулиха-Жерновка-Поллог» аудандық маңызы бар жолында көлік құралдарының, оның ішінде құтқару қызметі мен волонтерлердің қозғалыс қарқыны артты. Осыған байланысты өрт сөндіру штабына келіп-кететін автомобиль ағынын ескере отырып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жүру бөлігін шаңнан арылту мақсатында жолдағы шұңқырлар уақытша бітелді» - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 
Асқар Таудай
Бөлісу: