Абай облысындағы өртті сөндіруге 300 адам жұмылдырылды

9 Маусым 2023, 09:23 990

Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда, - делінген мәліметте.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М.Күлдіков жіберілді.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.

EL.KZ
Бөлісу: