Абай облысындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды

20 Қыркүйек 2023, 09:43 1238

Абай облысының Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылының тұрғынынан сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Ол ПТР-тест тапсырған, оның қорытындысы бойынша ауру расталған жоқ.

Қазіргі уақытта ауылға кірер жерде санитарлық пост қойылған және уақытша ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға шектеу бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: