Абай облысындағы әлеуметтік нысандар тексерілді

29 Желтоқсан 2024, 14:44 588

Абай облысындағы Аягөз ауданындағы бірнеше маңызды нысандардың жұмысы тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы «Аягөз Жылу» КММ-нің үш жылу қазандықтарын және өрт шыққан «БЭСК» АҚ қарасты қосалқы стансасын аралап, жылу беру жағдайымен танысқан. Қазандықтар 2,5 мың абонентке, 71 көпқабатты үй мен 191 коммерциялық нысанға қызмет көрсетеді. Жылу жеткілікті, отын қоры жеткілікті және жұмыс күшінде тапшылық жоқ. Әкім қыстың аязды күндеріне дайын болу керектігін айтты.

Сондай-ақ, қосалқы стансаның өрттен зардап шеккен электр желілерін жаңарту жұмысы жалғасуда. Облыс әкімі энергетиктер мен аудан басшылығына оқыс оқиғалардың қайталанбауын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: