Абай облысында жүргізуші көлікті басқара алмай, аударылуға жол берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 3 ақпанда сағат 17:30-да Алматы-Өскемен автожолының 949 шақырымында Жарма ауданы Қалбатау ауылы бағытында болған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, "BMW" жүргізушісі артқы сол жақ доңғалақтың тесілуіне байланысты көлікті басқара алмаған. Соның салдарынан көлік аударылған.
Жол апатынан 32 жастағы жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: