Абай облысында жоғалған шопан аман табылды

18 Ақпан, 03:27 1019

ҚР ІІМ мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шопан іздеу бойынша жедел штаб құрылды, аудандық полицияның, Төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауа райының қолайсыздығында далада адам іздеуді бірлесіп жүзеге асырды.

Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды, - деді жедел уәкіл Бектұрсын.

Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Іздеу топтарының бірі өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопанды тапқан.

Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Ол зардап шеккен жоқ. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: