Абай облысында жазасын өтеуші 8 жыл ішінде 50-ден астам шіркеудің макетін жасаған

14 Мамыр 2023, 07:38 1280

Сотталған Михаил (аты өзгертілді) 2009 жылы адам өлтіргені үшін қауіпсіздігі жоғары мекемесінде 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

3 топ мүгедектігіне қарамастан жазасын өтеуші қағаздан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды ұнатады.

Соңғы сегіз жылда мен қағаздан елуден астам түрлі үйлер мен шіркеулер жасадым. Қолөнер туындыларымнан өзіме ештеңе қалдырмай, достарым мен таныстарыма, балабақшаларға, мектептерге таратамын. Шығармашылығым басқа жандарға пайда мен қуаныш әкелгенін қалаймын, – дейді жазасын өтеуші.

Сот үлгілі тәртібі үшін сотталғанды мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бостандыққа шығатын күн жақындаған кезде ол өзінің өнер туындыларының ең әдемісін ұсыну үшін Семей қаласының шіркеуінің өкілдерін шақыруды өтініп, мекеме әкімшілігіне жүгінді. Макетті жасау үшін бірнеше ай жұмсаған. Арнайы жасалған жұмысты ғибадатхана қызметкерлері қуана қабылдады.

Сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі – оларды жұмысқа орналастыру болса, ең бастысы, туыстарымен қарым-қатынас сақтау. Бостандыққа шыққан сотталғандардың туыстарының болуы олардың бұдан былай қылмыс жасамайтындығына сенімділік береді, – дейді мекеме бастығы Бауыржан Тоқтыбаев.

Перизат Саденова
Бөлісу: