Абай облысында жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

22 Қазан, 23:03 410

Абай облысында Республика күні қарсаңында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ақпаратынша салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Дәулетқалиев, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты

Ант беру рәсімі – жаңа буынының өңірдің мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамы. Олар шараға қатысушылар алдында өз міндеттерін адал атқаруға, халық пен мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге ант берді. Ал лауазымдарға тағайындау құқығы бар мемлекеттік органдардың басшылары жаңа қызметкерлерден ант қабылдап, олардың мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылғанын ресми растады.  

Зарина Арман
Бөлісу: