Абай облысында жаппай төбелеске қатысқандар түгел ұсталды

30 Тамыз 2022, 16:18 1144

Қазіргі уақытта Шар қаласында жедел жағдай тұрақты

Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелес бастаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды  El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 тамыз күні әлеуметтік желілерде Шар қаласының Жарма ауданы аумағында бір топ жас жігіттер арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады.

Аталған факті бойынша дереу тексеру басталып, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жанжалдың барлық мән-жайлары анықталуда.

Қазіргі уақытта Шар қаласында жедел жағдай тұрақты. Бұл факті Абай облысы полиция департаментінің бақылауында.

Бөлісу: