Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысы Үржар ауданында облыстық «Үміт оты – 2024» ерекше балалар араындағы шығармашылық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Абай облысындағы 5-18 жас аралығындағы арнайы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар «Вокал», «Хореография», «Қолөнер» номинацияларында өнер көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Фестиваль 2 кезеңнен тұрды: іріктеу және гала-концерт. Іріктеу кезеңін қазылар алқасы бағалап, ІІ кезеңге 10 мекеменің 23 қатысушысы өтті.
Айта кетейік, «Үміт оты – 2024» фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттарына облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының арнайы дипломдары мен кубоктары берілді. Сонымен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.