Абай облысында тағы да орман өртеніп жатыр

8 Маусым 2023, 16:27 1266

Абай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы орманды алқаптан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 гектар алаңда ағаштар жанған. Қазір өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 техника жұмылдырылған.

Абай облысы ТЖД-ның дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр.

Айта кетейік, бұдан екі апта бұрын ғана Абай облыындағы 3500 гектар аумақты қамтитын орман өртеніп кеткен болатын. 

 

Алмас Абылай
Бөлісу: