Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті

Кеше, 17:05 332

Бүгін Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал қоғамды қалыптастыру мәселелеріне арналған «Sanalı urpaq-jarqyn bolaşaq» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға өңірдегі 25 колледждің 300-ден астам студенттері мен олардың жетекшілері қатысты.

Форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелерін талқылау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әділ және адал қоғам құруға дайын болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу үшін маңызды платформаға айналды. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың салдарын, оның алдын алу жолдарын, сондай-ақ ашық және жауапты қоғам құрудағы жастардың рөлін талқылады.

Форумның ашылуы тудың салтанатты түрде көтерілуімен ерекшеленді. Қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысының м.у.а  Саят Базанов және облыстың Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нускенова құттықтау сөз сөйледі. Олар сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресетін, «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтайтын және адал қоғамның дамуына жәрдемдесетін саналы және жауапты ұрпақты қалыптастыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын айтты.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және әділ қоғам құру бойынша жаңа бастамалар ұсынған студенттер арасында идеялар мен тәжірибе алмасу орнына айналды. Форум аясында Атырау қаласындағы «Саналы ұрпақ» республикалық слетінде Абай облысы командасының 17 облыс арасында III орынға ие болған табысты жұмысы атап өтілді.

Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға және адалдық пен әділдікті ілгерілетуге елеулі үлес қосқан белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстанның болашағын сыбайлас жемқорлықсыз құратын жастарды тәрбиелеудегі осындай форумдардың маңыздылығын атап өтті.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: