2024 жылы Абай облысында жалпы ұзындығы 467 шақырым болатын 18 жаңа сумен жабдықтау нысаны салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 14 691 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Семей қаласында Восход, Водный, Красный Кордон, Лодочный, Зағиптар қоғамы және басқа да аудандар ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жаңасемей, Абай, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарында жаңа ауылдар, оның ішінде Половинки, Ақбұлақ, Бөрілі, Ерназар, Жетіжар және басқалары қосылды.
2024 жылдың соңында аймақ тұрғындарының 95,3% (бұрын 92,8%) сумен қамтылған. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков 2025 жылдағы 26 жоба халықты таза сумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізетінін атап өтті.
100% қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін 2025 жылы 26 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і 2024 жылдан ауыспалы жоба, 11-і жаңа жоба, оның ішінде 8-і Семейде және 3-і ауылдық жерлерде. Барлық 26 жобаны іске асыру 28 511 адамды қамтиды және сумен қамтамасыз ету 100% жетеді, - деді Димитрий Гариков.