Оқиға Абай облысының Курчатов қаласында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әділет қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауысты естіген.
Құтқарушылар дереу көмекке келіп, 1976 жылы туған әйел адамды суға батып кетуден құтқарып қалды. Құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет болмады, - делінген мәліметте.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.