Абай облысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды

14 Шілде, 10:11 645

Ертіс өзенінде кезекті түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Абай облысындағы рейд барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда, түнгі уақытта шомылушылар анықталды.

Түнгі уақытта суға шомылатын азаматтарға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін бір әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жұмыстар жалғасады. ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады! - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: