Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

23 Наурыз, 20:13 446

Абай облысында су тасқыны қаупі бар аумақтар тікұшақпен бақыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Алдоңғаров ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен Абай, Аягөз, Жарма аудандары аумағында аэровизуалды тексеру жүргізді. Аягөз, Қарасу, Шар өзендеріндегі гидрологиялық жағдайды бақылады.

Қадағалау барысында қардың еріп жатқаны, өзендердегі мұз бетіндегі шұқанақтардың пайда болуы байқалды. Алайда су деңгейінің көтерілуі, мұз кептелісі анықталмады. Алда мониторингтік жұмыстар жалғасады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: