Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды

11 Желтоқсан, 17:53 312

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында полицияға 4-ші курс оқитын 21 жастағы студент жүгініп, осы көктемде алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Полиция мәліметінше, бейтаныс адам АҚШ-қа виза рәсімдеуге көмектесемін деп, 199 300 теңге алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: