Абай облысында құтқарушылар әйелдер мен балаларды эвакуациялады

16 Ақпан, 16:05 816

Абай облысы Көкпекті ауданындағы күрделі жағдай қалыптасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.

Сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйелдер мен балаларды, эвакуациялады.

Жарма ауданының әкімдігі "Жол болсын" кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды.

Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.

Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес.

Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: