Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр

22 Қараша, 19:43 1572

22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді.

Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Зарина Арман
Бөлісу: