Абай облысында прокурорлар көлік жүргізуге құқығы бар психикалық ауруға шалдыққан адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үржар ауданының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамның жарамды жүргізуші куәлігі бар екенін анықтады.
Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі – медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы. Аудан прокуратурасы қабылдаған шараларымен әрекетке қабілетсіз адам көлік жүргізу құқығынан айырылды, - делінген мәліметте.