Абай облысында прокурорлар автобус жүргізушілеріне заңсыз айыппұл салынған

7 Наурыз, 16:24 404

Семей қаласының прокуратурасы жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін жүргізушілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы заңсыз айыппұл санкцияларын енгізгені анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін айыппұл ретіндегі жауаптылық қарастырылмаған. Аталған тәртіптік жазаны қолдану заңсыз болып табылады.

Қала прокуратурасының араласуымен кәсіпорында еңбек дауы алдын алынды. Жұмыс берушінің заңсыз бұйрығының күші жойылып, кәсіпорындағы 125 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды. Облыс прокуратурасы барлық жұмыс берушілерге айыппұл санкцияларын тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы аясында және тек уәкілетті органдар арқылы қолдануға болатынын ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: