Абай облысында өзен ортасында қалып қойған тұрғын құтқарылды

1 Сәуір, 23:20 658

Абай облысында Аягөз өзенінің ортасында қалып қойған тұрғын құтқарылды. Ер адам өзеннен трактор арқылы өтпек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шарасыз күйде қалған тұрғынға Алматы облысының құтқарушылары көмекке келген. 

1977 жылы дүниеге келген ер адам жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Судың ортасында қалдым. Осы жігіттердің арқасында жаным аман қалды. Алғысым шексіз,-деді құтқарылған тұрғын. 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: