Абай облысында өткен жылы денсаулық сақтау саласынде ілгерілеу байқалды

Кеше, 22:17 123

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспарын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, өткен жылы денсаулық сақтау индикаторларының орындалуына талдау жасалған. Өңірде денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданып отыр. 

Отырыста денсаулық сақтау нысандарының ескіруі және ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселелері де көтерілген. Ұсынылған шешімдердің қатарында жаңа медициналық мекемелер салу және емделушілер үшін жатын орны қорын жақсарту бар.

Сондай-ақ, медицина саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар айтылды.

Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізілді. Бұл жаңалық жалған және контрафактілік өнімдермен күресуге, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының заңдылығын бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2024 жылдың қазан айынан бастап облыста «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыру басталды. Ол халық үшін дәрі — дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және оларды іске асырудың заңсыз схемаларын болдырмайды, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.

Соңында өңірде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Асқар Таудай
Бөлісу: