Абай облысында өрттен қайтыс болғандардың несиесі кешіріледі

11 Маусым 2023, 12:51 1120

Абай облысында орман өртінен қайтыс болғандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылық көмек беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Halyk Bank-тің қоғаммен байланыс қызметі мәлімдеді. 

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады», - деп жазылған банктік ресми парақшасында.

Бүгін Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрт аймағына барды. Бұған дейін өңірдегі апат кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болған еді. Қазіргі уақытта өртті сондіруге 1500 адам жұмылып, бірнеше тікұшақ берілді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: