Абай облысында өрт бойынша жауапты тұлғалар жазаланады - Президент

11 Маусым 2023, 16:17 1055

Мемлекет басшысы Абай облысына барған сапарында қайтыс болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесуде көмек көрсетілетінін атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі, - деді Қ.Тоқаев. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың отбасына тиісті жәрдемақы тағайындалатынын жеткізді. 

Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін. Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады, - деді Мемлекет басшысы. 

Кездесуде Қ.Тоқаев өртке қатысты жауапты қате болжам жасағанын алға тартты. Алда оқыс жағдай бойынша жауаптылар назардан тыс қалмайтынын атады.
Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Асқар Таудай
Бөлісу: