Абай облысында орман өртіне кінәлі адам жазаланды

8 Маусым, 13:18 558

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағының жанғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды. Трактор иесі – Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: