Абай облысында мас күйінде көлік айдаған жүргізуші ұсталды

25 Ақпан 2023, 15:00 880

Көлік арнайы автотұраққа қойылды

Абай облысында мас күйде көлік айдаған жүргізушінің қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам патрульдік көлікті байқағанда қозғалтқышты іске қосып, қозғала бастаған. 100 км/сағ жылдамдықпен ол Аягөз қаласында жасырынуға тырысқан.

Қысқа қуғыннан кейін жүргізуші тоқтатылады. Ол мас күйде ВАЗ 2115 көлігін басқарған 28 жастағы жүргізуші болып шықты. Оның мас күйде болғаны расталды.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды. 

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 

EL.KZ
Бөлісу: