Абай облысында күзгі шақырылыммен 1422 сарбаз әскерге аттанды

Кеше, 22:12 152

Абай облысында 2024 жылғы әскерге шақыру науқанының нәтижелері қорытындыланып, 1500-ге жуық жас әскерге аттанғаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы қорғаныс департаментінің басшысы, полковник Руслан Омаровтың мәлімдеуінше ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің тапсырмасына сәйкес 2024 жылы көктемгі және күзгі шақырулар бойынша жалпы 1402 адамға наряд берілген. Жыл соңына дейін 1422 жас Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанды. 

Облысымыз әскерге шақыру жоспарын табысты орындап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл облыс әкімшілігі мен жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Бірақ әлі де шешуді қажет ететін мәселелер бар. Олар бойынша нақты шаралар қабылданып, келесі науқанда үздік нәтижелерге жету көзделуде, - деді полковник.

Жиын барысында заманауи диагностикалық жабдықтар сатып алу, медициналық комиссияларды оңтайландыру және олардың жұмысын орталықтандыру, қаржы үнемдеу мақсатында жаңа технологияларды қолдану сияқты шараларды қолға алу ұсынылды.

Асқар Таудай
Бөлісу: