Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
8 тамызда Семей қаласының №2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г.Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р.Садықовқа және Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А.Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды, - делінген мәліметте.
Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.